Бір тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігі 31 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 26 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 25 714, 290 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 575 жетті.