Коронавирустың жаңа штаммы балаларда қалай білінеді?

0
2 336

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың «британиялық» штаммын жұқтырған балаларда бірқатар айрықша белгіні анықтауға болады.


Коронавирустың жаңа штаммы балаларда қалай білінеді?

ERNUR.KZ. Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған балалардың 30%-ының тәбеті жоғалады. Вирустың мұндай белгілері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда байқалатын көрінеді, деп жазады baq.kz.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың «британиялық» штаммын жұқтырған балаларда бірқатар айрықша белгіні анықтауға болады.

Сарапшылар айтып өткендей, вирус жұқтырған балалардың басым бөлігі тез шаршап қалатын көрінеді. Сонымен қатар тұйық болып қалатындары да бар екен. Індетке шалдыққан емізулі балалар әдеттегіден қатты жылап, жұбатқанға көнбеуі мүмкін.

Бұдан бөлек балалардың дені басы ауыратынын айтып шағымданса, кейбіреулері іші ауыратынын айтқан. Дәрігерлер балалардың осындай шағымдарын елеусіз қалдырмауға шақырады.

Жұқпалы ауру жұқтырғандар балалардың тең жартысында 37 градустан жоғары температура жиі анықталады, - деп атап өтті маман.

Сондай-ақ тамақтың ауруы вирусты жұқтырғанның бір белгісі болуы ықтимал.

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған 1 жасқа дейінгі балалардың 35 пайыз шамасында тәбет жоғалады.

Айта кетейік, Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутацияланған түрінің пайда болғаны желтоқсанның ортасында анықталды. Британияның респираторлық вирустарға қатысты консультациялық кеңесі коронавирустың бұл түрі өте жылдам қарқынмен таралып жатқанын айтып, дабыл қақты. 7 қаңтарда ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мутацияланған жаңа штамм еуропаның 22 мемлекетінде анықталғанын мәлімдеді.