Қос алаяқ қазақстандықтарды 17 млн теңгеге алдап кетті

0
676

Жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-на интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түсе бастады.


Қос алаяқ қазақстандықтарды 17 млн теңгеге алдап кетті

Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-на интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түсе бастады. Алаяқтар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, шағын несие ұйымдары арқылы 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп алып отырған. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады.

Олардың барлығы да Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілер банк карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 17 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Іс-әрекеттерін республика бойынша асырған.

Полицейлер күдіктілердің интернеттегі алаяқтық бойынша 150 фактіге қатысы барын анықтауда. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот қылмыскерлерге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.