16 шілдеді толассыз жауған жаңбырдан Қостанай қаласындағы көпқабатты үйлердің төбесінен су ағып, пәтерлер бүлінді.
ERNUR.KZ. Қостанайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан шатыры бүлінген үйлердің төбесін жөндеу жұмыстары бүгін басталады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бүгін қала әкімі нөсер жаңбырдан зардап шеккен Чернышевский мен Байтұрсынов көшелерінің бойындағы орналасқан екі үйдің төбесін уақытша жабуды тапсырды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым Байтұрсынов көшесіндегі үйдің шатырын толық жапты, ал Чернышевский көшесіндегі баспананың шатыры бойынша жұмыстар 50%-ға аяқталды. Қалғаны 17 шілде күні таңертең жалғасады. Сондай-ақ, бүгіннен бастап мердігерлер шатырды қалпына келтіріп, жөндеуді бастайды. Бұл мәселе қала әкімінің тұрақты бақылауында болады», - делінген жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, 16 шілдеді толассыз жауған жаңбырдан Қостанай қаласындағы көпқабатты үйлердің төбесінен су ағып, пәтерлер бүлінді.