Қостанай облысында аурухана отқа оранды

0
540

​Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, төрт науқасты жансақтау бөлімінен шығаруға тура келген.


Қостанай облысында аурухана отқа оранды

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Федоров ауданында аурухананың шатыры өртенді, деп жазады sputniknews.kz.

Ғимараттағы өрт туралы сағат 18:28-де өрт сөндіру қызметіне хабар түскен.


"Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 4 минуттан соң, 18:32-де жеткен. Ол уақытта жалын шатыр, лифт шахтасын шарпыды. Жалпы аумағы - 300 шаршы метр", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.


Алдын ала мәліметке сәйкес, ғимараттағы 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Жансақтау бөліміндегі төрт науқас құтқарылды.

Қазіргі уақытта өртті ауыздықтауға Федоров ауданының өрт сөндіру бөлімінің үш техникасы мен жеке құрамның 12 қызметкері жұмылдырылды.

Сондай-ақ, жақын маңдағы өрт сөндіру қызметінің 7 техникасы мен жеке құрамның 25 қызметкері көмекке келді.