Зардап шеккен азамат ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Қостанай облысы Лисаков қаласында бұрын сотталған ер адам өзінің танысымен жанжал кезінде оған пышақ сұғып алған. Полиция күдіктінің тұрғылықты жеріне келген кезде ер адам 8 қабаттың терезесінен секіріп кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Зардап шеккен азамат оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері күдікті мен оның тұрғылықты жерін анықтады.
«Полиция тұрғылықты жеріне келгеннен кейін күдікті 8 қабаттың терезесінен секірді. Күдікті алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Қайғылды жағдайға куі болған күдіктінің куә болған анасы полицейлерге ұлының бұрын суицидтік мінез-құлқын көргенін айтты. Ол өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы бірнеше рет айтқан.
Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.