Биыл Басаман және Семиозерный орман шаруашылығында көшет отырғызу жоспарланған.
ERNUR.KZ. Биыл Басман және Семиозерный орман шаруашылықтарында көшеттер отырғызылады, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгін жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына бардым. Мұнда аудан аумағындағы орман питомниктерін араладым. Жалпы облыс аумағында ағымдағы ауданы 325,7 га болатын 10 питомник бар, оның ішінде 70,6 га өндіруші. Әрі қарай облыстың орман шаруашылығы мекемелерінің басшыларымен кездесіп, олармен орман алқабын қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау мәселелерін талқыладық", - деді әкім.
Әкімнің сөзінше, бөлімдерге Семиозерный, Басаман орман шаруашылығы мекемелерінің орманшылары тартылады, сондай-ақ облыстың орманшылары тартылатын болады.
Бұдан басқа, ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өңірге қолдау көрсетіп, кеспеағаштарды бөлу бойынша көмек көрсету үшін 25 орманшы жіберілетін болады.
Жалпы кеспеағаштардың бөлінуіне 106 адамды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, ағаш дайындауға орман шаруашылығы мекемелерінің күштерін тарту жоспарланып отыр, 105 адам жіберіледі.
Әкімнің айтуынша, биыл Басаман және Семиозерный орман шаруашылығында көшет отырғызу жоспарланған.