Қостанай облысында полиция бөлімі үй карантиніне жіберілді

0
656

1996 жылғы қызметкерден коронавирус анықталған.


Қостанай облысында полиция бөлімі үй карантиніне жіберілді

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Жітіқара қаласында жүздеген полицей үй карантиніне жіберілді, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұған дейін бөлімде коронавирус жұқтырған 1996 жылғы қызметкер анықталған болатын.

"Жітіқара қаласына Полиция департаментінің 80 қызметкері қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін келді. Олардың барлығы аудан әкімдігі ұйымдастырған қорғаныс құралдарымен және тамақпен қамтамасыз етілген", - деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Инфекция жұқтырған полицеймен байланыста болған адамдардан тест алынды, коронавирус расталған жоқ. Қазір барлығы үй карантинінде жатыр. Ал вирус анықталған полицейдің жағдайы қанағаттанарлық. Ол қызмет бабына байланысты науқастармен байланыста болған. Аудандық полиция бөлімі дезинфекцияланды.

Еске салайық, 15 сәуірде Жітіқара қаласында Қостанай облысындағы алғашқы өлім тіркелген болатын. КВИ жұқтырған 74 жастағы ер адам ауруханаға жарымен бірге түскен. Әйел қазіргі уақытта емделіп жатыр. Келесі күні қауіпті вирус олармен байланыста болған адамдардан табылды, бұл полиция қызметкері және 2010 жылы туған бала. Қазір облыста COVID-19 жұқтырған 7 адам бар.