Қазақстандық әйел АҚШ-тан келген сәлемдеме үшін 16 жылға сотталды

0
189

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Қазақстандық әйел АҚШ-тан келген сәлемдеме үшін 16 жылға сотталды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Астанада АҚШ-тан Қазақстанға ірі көлемде есірткі жөнелтуге қатысты сот үкімі шықты. Әйел тыйым салынған заттарды контрабандалық жолмен өткізгені үшін кінәлі деп танылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақмола көлік прокуратурасы және Астана Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасының аумағына есірткі құралдарын, оның ішінде халықаралық почта жөнелтімдері арқылы әкелуге жол бермеуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдады.

"Нәтижесінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық почта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды. "Қазпошта" АҚ Кедендік бақылау аймағында Астана қаласында 1,2 келі гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды", - делінген хабарламада.

Астана қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды. 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.