Қостанай облысында үш жұмысшы ұңғымада тұншығып көз жұмды

0
911

Еңбек инспекциясы аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.​


Қостанай облысында үш жұмысшы ұңғымада тұншығып көз жұмды

ERNUR.KZ.7 тамызда Алтынсарин ауданы, Шоқай ауылында ескірген су құбырын жөндеу барысында «Теміржолсу-Қостанай» жұмысшылары ауа жетпеу салдарынан көз жұмды, деп жазады Baq.kz.

Коллекторда газ жиналып қалғандықтан дұрыс тыныс ала алмаған үш жұмысшы оқиға орнында көз жұмса, төртіншісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Қарағанды қалалық ауруханадағы бас дәрігердің орынбасары төртінші зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы тұрақты екенін айтты.

Еңбек инспекциясы аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.