Автобуста 18 жолаушы болған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында автобус пен жүк көлігі соқтығысты, деп жазады tengrinews.kz.
9 қазан сағат 7:30-да Алматы - Екатеринбург автожолында Екатеринбург-Рудный бағытындағы халықаралық рейстік автобустың 68 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Kia Sportage және MA3-551605 көліктерімен соқтығысқан.
Жеңіл көлік пен автобус жүргізушісі, сондай-ақ автобустың 18 жолаушысының бірі зардап шекті. Осы факт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша соталды тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.