Қостанай тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жазаланады

0
832

Жалған ақпарат таратқан келіншекті ауыр жаза күтіп тұр.


Қостанай тұрғыны әлеуметтік желідегі жазбасы үшін жазаланады

ERNUR.KZ. Қала тұрғындары ауадан жаппай уланғаны туралы жазба таратқан Қостанай тұрғыны ұсталды, деп жазады Stan.kz.


44 жастағы әйел түнде ұшақтар қалаға өкпеге қонатын қышқыл қоспасын шашыратқанын көргенін айтып жазба қалдырады.

Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлемдеді. Жалған ақпарат таратқан келіншекті ауыр жаза күтіп тұр.


"Пандемияға байланысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бап бойынша блогерге 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін, бұл екі жарым миллион теңгеден астам немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр", - дейді жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.