Қостанайда 13 жасар бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

0
1 057

Өзінің туған күнін атап өткен 13 жасар оқушы алтыншы қабаттан құлап кеткен.


Қостанайда 13 жасар бала үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті

ERNUR.KZ. Қостанайда 13 жасар жеткіншек үйдің алтыншы қабатынан құлап кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға кеше кешке болған. Өзінің туған күнін атап өткен 13 жасар оқушы алтыншы қабаттан құлап кеткен.

«Қазір бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева.

Полицейлер оқиғаның анық-қанығын тексеріп жатыр. Бұл факт бойынша тергеп-тексеру амалдары басталды.