27 мамырда сағат 11:00 шамасында 13 жастағы оқушы қыз Шаяхметов көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен.
ERNUR.KZ. Оқиғаға куә болған көршілер полицияға хабарлаған. Жедел жәрдемді де, сол кезде жұмыста болған ата-анасын да солар шақырған, деп жазады tengrinews.kz.
Әңгіме жүргізу кезінде мектеп оқушысы терезеден қараймын деп салғырттығынан құлап қалғанын түсіндірген. Бұл кезде пәтерде 9 жастағы сіңілісі мен 2 жастағы інісі болған. Жәбірленуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қостанай облыстық ПД бұл аймақтағы жыл басынан бергі сегізінші оқиға екенін хабарлады.
Полицейлерден балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.