Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбесе де, кінәлі деп көрсетілген.
ERNUR.KZ. Бас прокуратура кісі өлтіру ісін ашу барысындағы заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел кісі өлтіру дерегі 33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында тіркелген.
«Кейіннен қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмағандықтан іс архивке «өткізілген». 2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтірушінңі анықталғанын және тергеудің аяқталғаны туралы «баяндаған». Өз еркімен кінәсін мойындау негізінде «Ж» деген азамат кінәлі деп танылған. Бұл ретте, кісі өлтіру ісі күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылғаны айтылады. Алайда прокуратура анықтағандай, «Ж» кінәлі болып танылмай тұрғанда, 5 жыл бұрын қайтыс болған», - делінген хабарламада.
Бас прокуратура хабарлағандай, кінәлі деп танылған адам кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген.
«Осылайша, полиция қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзған. Прокуратура «Ж»-ны кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімдердің күшін жойды. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру басқа органға жүктелді», - делінген хабарламада.
Ал кКінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді.
«Осы мән-жайларды анықтау үшін Бас прокуратура қызметкерлеріне өңірге барудың қажеттілігі туындамады. Электрондық форматтағы іс ақпараттық жүйелер арқылы онлайн-режимде зерделенді. Жалпы, азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің негізділігін тексеруді прокурорлар тұрақты негізде жүзеге асырады», - делінген хабарламада.