Қостанайда 8 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап мерт болды

0
998

Оқушы жедел жәрдем қызметі келгенше оқиға орнында қайтыс болған.


Қостанайда 8 жасар қыз сегізінші қабаттан құлап мерт болды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Қостанай облысының Рудный қаласында орын алған, деп жазады Elitar.kz.

11 маусым күні қаладағы тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатынан 8 жастағы қыз абайсызда құлап кеткен. Мектеп оқушысы жедел жәрдем қызметі келгенше оқиға орнында мерт болды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда 13 жастағы оқушы 6 қабаттан құлап мерт болған болатын.