Іздестіріліп жатқан Валерий Головач 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылында эвакуация кезінде жоғалып кетті.
ERNUR.KZ. «Барыс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері Аманқарағай ауылындағы орман өрті салдарынан халықты эвакуация кезінде ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат таратуда, деп жазады ҚазАқпарат.
Іздестіріліп жатқан Валерий Головач 3 қыркүйекте Аманқарағай ауылында эвакуация кезінде жоғалып кетті.
«Соңғы рет кешкі жетілерде байланысқа шыққан, оның одан әрі қайда екені белгісіз. Белгілері: маңдайында тыртық бар, қасқа бас. Үстінде көк футболка мен сұр шалбары болған», - делінген хабарламада.
Бұған дейін орман өрттерінен көп зардап шеккен Аманқарағай ауылының тұрғындары екені хабарланған болатын. ҚР ТЖМ ақпараты бойынша, кентте 85 үй толығымен жанып кеткен.