Қайғылы оқиға 21 қаңтарда болған.
ERNUR.KZ. Қостанайдың 8-ші шағын ауданындағы үйдің кіреберісінде адам өртеніп кетті. Қайғылы оқиға 21 қаңтарда болған, деп жазады sputnik.kz.
Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сенбі сағат 13:16-да шақырудың №2 күшейтілген деңгейі жарияланған.
"10 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде қоқыс өртенді. Сондай-ақ, 9-ншы және 10-ншы қабаттар арасындағы баспалдақта ер адамның өртеніп кеткен мәйіті табылды. Тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады. Сағат 13:55-те өрт сөндірілді", - делінген департаменттің "Наша газета" басылымына берген ақпаратында.
Өлімнің себебі әлі белгісіз, нақтыланып жатыр.