​Қостанайда көші-қон заңын бұзған 15 шетелдік елден қуылды

0
1 202

Арнайы операция негізінде 18 факт тіркеліп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.


​Қостанайда көші-қон заңын бұзған 15 шетелдік елден қуылды

ERNUR.KZ. 348 шетел азаматы Қостанай облысының шекарасынан заңсыз өткен, деп жазады ҚазАқпарат .

Облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен аптада «Көктем» арнайы операциясын жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында шетел азаматтарының жұмыс күшін пайдаланған қостанайлықтарды жазаға тартты. Осындай 18 факт тіркеліп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Көктем» шұғыл операциясы кезінде ҚР аумағына кірудің белгіленген ережелерін бұзғаны үшін 348 шетел азаматына айыппұл салынды. Олардың 15-і елден шығарылды. Қолданыстағы ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 88 шетел азаматының Қазақстан аумағында тұру мерзімі қысқартылды. Тағы сондай 74 шетелдікке айыппұл салынды», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.