Қостанайда жүкті әйел құдыққа құлап кетті

0
482

Оның қақпағы болмаған.


Қостанайда жүкті әйел құдыққа құлап кетті

ERNUR.KZ. Қостанай қаласындағы Береке шағын ауданында жүкті әйел жаңбырдың суын ағызатын құдыққа құлап кетті. Оның қақпағы болмаған, деп жазады sputnik.kz.

Бұл оқиға 15 қарашада Береке шағын ауданына баратын Дөненбаев көшесінің бойынша болған. Жолда жаңбырдың суын ағызатын төрт бұрышты құдық бар. Соның қақпағы әлі де ашық тұр.
Басылым тілшілері ашық жатқан канализация құдықтары туралы талай рет жазған. Мәселен, тамыз айында бір материал шыққан. Сол кезде қала тұрғыны Нұржан Тасқымбаев мердігерлердің жұмысын сынға алды. Олар құдыққа қақпақ салудың орнына шинамен жаба салған.
Қостанай әкімі Марат Жүндібаев бірден құдықтарды жауып тастауға тапсырма берген. Бірақ мәселе әлі шешілген жоқ.
Құрылыс бөлімінің басшысы Руслан Қатпаевтың айтуынша, Дөненбаев көшесіндегі жолды жаңадан салған. Оны келесі жылы ашуды жоспарлады. Бірақ тұрғындарға ыңғайлы болсын деп, ерте ашып қойды. Құдықтарды шойын қақпалармен бірнеше рет жапқан. Бірақ бәрін ұрлап кетті. Сол кезде бөлім басшысы бетон блоктарымен жабамыз деп уәде берген. Алайда мәселе әлі де шешілмеген.