Қостанайда белгісіз біреулер оқушы қызды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Алау"-ға сілтеме жасап.
Қостанайда белгісіз біреулер оқушы қызды өлтіріп кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Алау"-ға сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 17 наурызда болған. №11 мектеп оқушысы қайтыс болған. Бұл туралы мәліметті Қостанай әкімдігінің білім беру мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Евгений Терентьев растап отыр. "9-сынып оқушысын өлтіріп кеткен. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Басқа ешқандай мәлімет жариялай алмаймыз", - деп хабарлады Евгений Терентьев.