«Котел» ойынының құрбаны болған екі адамның ақшасын қайтарылды

0
711

Полиция бөлімшесіне үш арыз түскен.


«Котел» ойынының құрбаны болған екі адамның ақшасын қайтарылды

ERNUR.KZ. Қостанай облысында алғаш рет «Котел» немесе «Черная касса» ойынынан зардап шеккен адамдардан шағым түсті, деп хабарлайды ktk.kz.

Полицияның айтуынша, бөлімшеге мұндай үш арыз түскен. Олардың біреуі қыз баладан. Ол ойында қаржы пирамидасының белгілері бар екенін білген соң, ойынға қатысуы үшін жіберген 14 300 теңгені қайтаруға шешім қабылдаған. Ойынға тағы екі адам қосылған. Олардан төлем карточкасына ақша аударуды сұраған, содан кейін жәбірленушілер автоматты түрде «Котел» ойынының қатысушылары болды.

Бұл оларды полицияға келіп арыз жазуға итермеледі. Қазіргі уақытта үш істің екеуінде зардап шеккен адамдар аударылған ақшаны қайтарып алғандығы белгілі болды.