"Күдіктілер іздестіріліп жатыр": Алматыдағы кафелердің бірінде атыс болды

0
148

Оқиғаның басқа мәліметтері әзірге айтылған жоқ.


ERNUR.KZ Атыс сенбі күні Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы кафеде болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп жазады inbusiness.kz.


Мәліметтерге сенсек, оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, сот-медициналық сарапшылар келді.

Өткен-кеткендердің айтуынша, төбелес болып, атыс болған. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі Бостандық аудандық полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.