Құрғақшылықтан қырылған малдың нақты саны жарияланды

0
642

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, құрғақшылықтан еліміздің екі облысы ғана зардап шеккен.


Құрғақшылықтан қырылған малдың нақты саны жарияланды

ERNUR.KZ. Маңғыстау және Қызылорда облыстарында құрғақшылықтан 1714 бас мал өлді. Мұндай мәліметті орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев жариялады, деп жазады sputnik.kz.

Оның айтуынша, құрғақшылықтан мал Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ғана өлген.

"Ресми мәлімет бойынша Маңғыстау облысында 1161 бас мал қырылды, бұл өңірдегі мал басының 0,1%-не тең. Қызылорда облысында 553 бас мал өлді", - деді Қарашөкеев.

Ол бұл деректер өткен жылғы малдың өлім-жітімі көрсеткішінен төмен екенін атап өтті.

Бұған дейін ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев құрғақшылық пен жем-шөп тапшылығынан шаруалар малдың 30 процентін жоғалтқанын айтқан болатын. Ол сондай-ақ қырылған малдың саны артып, 3 миллионнан астам жануар өлетінін болжады. Ауыл шаруашылығы министрлігі сарапшының пессимистік болжамын жоққа шығарды.