Күршімнің жері шетелдіктерге берілді деп жұртты дүрліктіргендер кім

0
941

Тергеу барысында ШҚО полиция департаментіне бірнеше адам жеткізілген.


Күршімнің жері шетелдіктерге берілді деп жұртты дүрліктіргендер кім

ERNUR.KZ. ШҚО полиция департаменті әлеуметтік желілерде тарап кеткен «Күршім ауданының жері шетелдік кәсіпорындарға берілді» деген видео және аудио материалдарды тексеріп шықты, деп жазады Алтайньюс.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 274-бабы, 2 тармағы – қасақана жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарының объективтілігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу ісін жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ШҚО полиция департаментіне бірнеше адам жеткізілді. Тергеу амалдарының мүддесі үшін қылмыстық іске қатысты басқа деректер жарияланбай отыр.
Айта кетейік, ШҚО полиция департаменті қасақана жалған ақпарат тарату әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық екенін қатаң ескертеді.