Құрылыс заттарын сатып алуға кеткен қызылордалық жоғалып кетті

0
484

Қамбар Құрманәлиев үйінен сауда орталығына құрылыс заттарын алып келуге шыққан.


Құрылыс заттарын сатып алуға кеткен қызылордалық жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында үйінен құрылыс заттарын алып келуге шыққан жігіт 6 күннен бері хабарсыз кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылордада 24 наурызда 17:00 шамасында Қамбар Құрманәлиев үйінен сауда орталығына құрылыс заттарын алып келуге шыққан. Содан бері үйіне қайта оралған жоқ.

«Ерекше белгілері: бойы: 1,70-1,75 см, толық денелі, шашы қара түсті, аққұба келген,оң жақ бетінде кішкентай меңі бар. Үстіне киген киімдері: қара түсті күздік куртка, қара түсті шалбар, қара түсті кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды.