Құтқарушылар құдыққа құлаған 83 жастағы зейнеткерді шығарып алды

0
1 078

Жеміс үзіп алмақ болған қала тұрғыны абайсызда артқа құлап кеткен.


Құтқарушылар құдыққа құлаған 83 жастағы зейнеткерді шығарып алды

ERNUR.KZ. Петропавлда абайсызда құдыққа құлап кеткен 83 жастағы зейнеткерді құтқарушылар аман-есен алып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін күндізгі сағат 15.00 шамасында Петропавлдағы Изумруд саяжайында болған. Шетен жемісін үзіп алмақ болған қала тұрғыны абайсызда артқа құлап кеткен.

Аяқ астында қаңылтырмен жабылған құдық бар екен. Жұқа темір бар салмағымен құлаған әйелді көтермей, опырылып түскен.

Ені шамамен - 1 метр, тереңдігі - 3 метр болатын шұңқырдан кейуананы өз күшімен шығара алмаған құрбылары құтқарушыларға телефон шалып, көмекке шақырады.