​Қырғызстан Қазақстанға айып тағып отыр

0
2 422

Қазақ-қырғыз шекарасында бақылау күшейгендіктен, жүк көліктері кептеліп тұр


​Қырғызстан Қазақстанға айып тағып отыр

ERNUR.KZ.Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларын бұзып жатқан жоқ. Бұл туралы қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Қуат Рақымов мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"ЕАЭО нормаларын бұзып жатыр дегенге келсек, мен мұнымен келіспеймін. Біз сыртқы шекара, ставка, баж, декларацияның ортақ нормалары туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл біздің бәрімізге де қатысты. Тек кейбіреулер тауар құнына қатысты өздерінің бақылау функцияларын толық орындамай отыр деген күдігіміз бар", - деді Рақымов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазақстандық тарап ешқандай тыйым немесе шектеу қойып отырған жоқ, бар болғаны жүктердің құжатқа сәйес болғанын қалайды.

Айта кетсек, Қазақстан 27 наурыздан бастап қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қарасу" өткізу бекетінде бақылауды күшейткен. Қазір шекарада 100-150 көлік кептеліп тұр екен.

Жуырда Қырғызстанның ұлттық экономика министрлігі Қазақстан шекарада бақылау шараларын күшейту арқылы ЕАЭО нормаларын бұзып, тауардың еркін қозғалысын шектеп отыр деп мәлімдеген еді.