Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы анықталды

0
521

Мұндай қылмысты жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Қырғызстанмен шекарада героиннің ірі партиясы анықталды

ERNUR.KZ. Қырғыз Республикасымен шекарада героиннің ірі партиясы анықталды, деп жазады baq.kz.

2020 жылғы 14 қыркүйекте ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жедел департаменті және Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Қарасу» шекаралық бекетінде Қырғыз Республикасының азаматы басқарған автокөлікті тоқтатты. Көліктің жүк салатын бөлігінде бал салынған екі пластмасс ыдыс анықталды.

Шелектің түбінде жасырын орындар орнатылып, мұнда жалпы салмағы 1 872 грамм болатын ақшыл сары түсті заты бар 2 полиэтиленнен жасалған орама анықталды. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат героин болып шықты, - деп жазды комитет.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК 286-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды. Мұндай қылмысты жасағаны үшін жиырма жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.