Кейбір мәлімет бойынша, ол жерге арнайы қызмет өкілдері жетіп, екеуін де Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.
ERNUR.KZ. Қырғызстан парламентінің екі депутаты Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өткізілмеді, деп жазады tengrinews.kz.
Депутаттар Қазақстанға жеке шаруаларымен келмек болғаны нақтыланды. Алайда олардың "Ақ-Жол-автожол" бақылау-өткізу бекеті арқылы өтуіне рұқсат берілмеген. Кейбір мәлімет бойынша, ол жерге арнайы қызмет өкілдері жетіп, екеуін де Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.
24.kg ақпарат агенттігінің мәліметінше, Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы дауыс бергендердің қатарында Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков бар. Екеуі де "Альянс" фракциясының мүшелері.
Кейін парламент депутаты Эльвира Сурабалдиева Twitter парақшасында Эмиль Жамгырчиевтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінен босатылғанын хабарлады.
Оның айтуынша, әріптестері Эмиль Жамгырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков Қордайдағы (Қазақстан) өткізу бекеті арқылы жерлеуге бара жатқан.