Қытай губернаторы қазақстандық балмұздақтың дәміне тәнті болды

0
610

Сауда және интеграция министрлігі Қытай губернаторының қазақстандық өнімнің дәмін татып жатқан бейнежазбасын жариялады.


Қытай губернаторы қазақстандық балмұздақтың дәміне тәнті болды

ERNUR.KZ. Үрімші қаласындағы China EXPO көрмесінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы парткомының хатшысы Ма Синжуй Қазақстанның ұлттық павильонына барып, қазақстандық балмұздақтың дәмін татқан, деп жазады stan.kz.

Сауда және интеграция министрлігі Қытай губернаторының қазақстандық өнімнің дәмін татып жатқан бейнежазбасын жариялады.

"Ең жақсы шөп, ең жақсы сүт!" – деді вице-премьер-министр Серік Жұманғарин.

"Дәмін татып көрдім, маған ұнады. Өте сапалы. Шыңжаңда дәл осындай балмұздақ жасауға бола ма?", – деді Ма Синжуй.

"Біз тек табиғи шикізатты қолданамыз", – деп жауап берді қазақстандық шенеунік.

"Біз де танымал балмұздақ жасаймыз, оның артында адамдар кезекке тұрады. Адамдар дәл осы брендті сатып алу үшін бір-екі сағат күтуге дайын. Оның дәмін көрдім, бірақ сіздің балмұздақ жақсы, өте дәмді!" – деді партия комитетінің хатшысы.