Қытайдан келген 91 жастағы әже азаматтық алды

0
2 444

«Отандастар қоры» Камал әженің мәселесін қолға алып, тиісті мекемелердің көмегімен азаматтық куәлігін алып берді.


Қытайдан келген 91 жастағы әже азаматтық алды

ERNUR.KZ. Қытайдан келген 91 жастағы Камал әжейге Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді, деп жазады baq.kz.

Камал Қаһарманқызы 1929 жылы қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында туған. Әкесі Қаһарман мен шешесі Шәрбану ел ішіндегі аумалы-төкпелі заманда 1932 жылы Қытай Халық Республикасына қоныс аударырған.

Ата-анасы Қытай елінің Бұратала облысы, Арасан ауданында тұрып, ауыл-шарушылығы саласында қызмет істейді. Камал әжей 1947 жылы Тегісбай Ыбырайымұлына тұрмысқа шығады.

«Бала бауыр етің» дегендей 4 ұл, 5 қызынан 40 астам немере-шөбере көріпті. Тағдыр жазуымен атажұрттан алыс кеткен анамыздың арманы елге оралу болыпты. Қазақ еліне алғаш рет жолдасы Тегісбай Ыбырайымұлымен 2004 жылы келіпті. 2006 жылы отағасы өмірден өтіп, елге келуіне қиындық туады. Араға жылдар салып отбасымен елге көшіп келеді. Осы тұста Камал әже құжат жасату жағынан қиындыққа ұшырайды. Себебі, елімізде шетелден келген азаматтарға құжат жасатудың өзіндік тәртібі бар. Атап айтсақ, туу туралы куәлік болуы және паспортта тегі көрсетілуі керек. Осы екі себеппен біраз уақыт құжатын жасата алмайды.

Осы орайда «Отандастар қоры» Камал әженің мәселесін қолға алып, тиісті мекемелердің көмегімен азаматтық куәлігін алып берді. Ғасырға жуық жасаған әжеміздің алғысын алып, қандастарға қол ұшын созған барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.