Қызметкерін тепкен Арқалық қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

0
1 511

Басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болға екен.


Қызметкерін тепкен Арқалық қаласының полиция бастығы қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Қоластындағы қызметкерін тепкен Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы жұмыстан шеттетілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Facebook қолданушысы Серік Төлекбаев жариялаған видеода Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығы Жеңіс Ахметовтің қызметкерін тепкен сәті таспаға түсіп қалған. Серік Төлекбаевтың жазуынша, басшы тарапынан жасалған мұндай өрескел қылық бұған дейін де болған.

Қостанай облысы полиция басқармасы бастығының БАҚ-пен байланыс жөніндегі кеңесшісі Елена Кашарина аталмыш видеоға қатысты түсінік берді.

«Қазір Арқалық қаласы полиция басқармасының бастығы Жеңіс Ахметовке қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Қостанай облысы полиция департаменті басшысының бұйрығымен Ж.Ахметов қызметінен шеттетілді. Оқиғаның мән-жайын анықтауға ПД бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары басқарған қызметкерлер тобы жұмылдырылды»,- деді Е. Кашарина.