Қызметкерлер теміржол билетін алып-сатумен айналысса жұмыстан босатылады

0
890

Билеттерді заңсыз сату фактісін Желілік полиция бөлімшесіне хабарлау керек.


Қызметкерлер теміржол билетін алып-сатумен айналысса жұмыстан босатылады

ERNUR.KZ. Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды бөтен күдікті тұлғалардың қызметін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз алыпсату фактілерін байқаған жағдайда ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Желілік полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады, деп жазады Елорда Инфо.

«ҚР Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес қоғамдық орындарда тиіскен жеке тұлғаға ескерту жасалады не болмаса бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Әкімшіліктік жаза салынғаннан кейін жыл ішінде қайта жасалса, әрекет қайталанса – он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл не болмаса бес тәулікке дейінгі әкімшіліктік қамақ қолданылады», - деп көрсетілген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Шетелдік не болмаса азаматтығы жоқ тұлға осындай әрекетке барса, онда бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, не болмаса бес тәулікке әкімшіліктік қамаққа жабылады не болмаса Қазақстан Республикасы аумағынан шығарылады.

Компания қызметкерлерінің билеттерді заңсыз алыпсату жағдайларына араласуы орын алса, онда тиісті, тіпті еңбек келісім-шартын бұзуға дейінгі шараларды қабылдау үшін айғақ болатын бейне және фото материалдарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директорының блогына бағыттауға болады.

Жолаушылардың билетсіз тасымалдануының құқықтық салдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру мақсатында барлық вокзалдарда «Начни с себя» және «Өзіңнен баста» бейнероликтері көрсетіліп жүр.