​Қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған полиция отбасыларына көмек көрсетілді

0
1 420

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков қайтыс болған және мүгедектік алған полиция қызметкерлерінің отбасыларына бару іс-шарасы бірнеше күнге жалғасқанын айтты.


​Қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған полиция отбасыларына көмек көрсетілді

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алғыс айту күніне орай қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әріптестерін еске алып, олардың отбасыларына және достарына ризашылықтарын білдірді, деп жазады BAQ.KZ.

Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ержан Оразбеков қайтыс болған және мүгедектік алған полиция қызметкерлерінің отбасыларына бару іс-шарасы бірнеше күнге жалғасқанын айтты.
"Мүгедектер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына көмек көрсету орталығының төрағасы Асылбек Османовпен кездесу ұйымдастырылды. Өткен жылы қызмет бабында қаза тапқан екі полиция қызметкері – Е.Нурельбаев пен К.Кинемолдиннің отбасыларына да қамқорлық жасаған болатын. Олардың жұбайлары мен балалары біздің Департаменттің мұражайына келіп, ішкі істер органдарының қаза болған қызметкерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Біз Қазақстан Республикасының азаматтарының бейбіт өміріне ат салысқан әрбір қаза тапқан полиция қызметкерінің имиджін, игі істерін және ерліктерін ұмытпаймыз және жүрегімізде сақтаймыз", - дейді Ержан Оразбеков.

Алматы қаласында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің 66 отбасы тұрады. 40-тан астам отбасы мүгедектерге және ішкі істер органдарының қаза тапқан қызметкерлерінің отбасына көмек көрсету орталығының қол астында және оларға жан-жақты көмек көрсетіледі екен.