Қызылорда облысында 10 және 11 жасар екі бала каналға батып кетті

0
640

Екі баланың да денесі тұрғындар көмегімен судан шығарылған.


Қызылорда облысында 10 және 11 жасар екі бала каналға батып кетті

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 10 және 11 жастағы екі бала каналға суға батып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін, 3 шілде сағат 14.30 шамасында Жаңақорған кенті аумағында болды.

2010 және 2011 жылы туған екі бала Жаршыкөл каналына суға батып кеткен.

Екі баланың да денесі тұрғындар көмегімен судан шығарылған.

Алдымен 10 жастағы баланың мәйіті табылса, одан кейін тұрғындар 11 жастағы жасөспірімнің денесін жағаға шығарды.

«Тұрғындардан барлық сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз. Балаларды бақылаусыз қалдырмауға назар аударыңыздар», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.