Қызылорда облысында 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

0
1 217

Биыл 93 мың шаршы метр, яғни 1430 пәтер халық игілігіне табысталады.


Қызылорда облысында 3 мыңға жуық отбасы баспаналы болады

ERNUR.KZ. Қызылорда облысында 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев облыстық мәслихаттың V сессиясында айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Қазір облыс көлемінде 31,4 млрд теңгеге 130 мың шаршы метр болатын 1 924 пәтерлік 36 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Биыл 30 үй (93 мың шаршы метр, 1430 пәтер) халық игілігіне табысталады", - деді аймақ басшысы.
Бұдан бөлек, әлеуметтік осал топтарға 1000 пәтер сатып алуға (600 пәтер Қызылорда қаласында, 400 пәтер аудандарда) республикалық бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді.
Облыс халқының 98,1 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізуге жұмыстары атқарылып жатыр (230 елді мекеннің 198-і су жүйесіне қосылған).
Өткен жылы 6 ауыл "көгілдір отынға" қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл тағы да 12 елді мекенге табиғи газ тартылып, газдандыру деңгейі 75 пайыз болады.
Жергілікті маңызы бар 366 шақырым автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі өткен жылы 82 пайызды құраған. Биыл бұл көрсеткіш 87 пайызға жеткізілмек.
Бүгінде Қызылорда қаласында 141 шақырым көшені жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.