Қызылорда облысындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

0
1 419

Видеода жігіттердің бір-біріне тас лақтырғаны, таяқ қолданғаны және осы әрекеттің бәрі полиция сиренасы ойнап жатқанда болғаны көрсетіледі.


Қызылорда облысындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысындағы төбелес видеоға түсіп қалған. Көшеде бір топ жас жігіттің төбелескені анықталды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Видеода жігіттердің бір-біріне тас лақтырғаны, таяқ қолданғаны және осы әрекеттің бәрі полиция сиренасы ойнап жатқанда болғаны көрсетіледі.

Қазалы аудандық полиция бөлімінде 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында болған бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгені хабарланды.

"Полиция бөліміне шағым, өтініш түскен жоқ. Сондай-ақ, аудандық ауруханаға ешкім медициналық көмек сұрап жүгінген жоқ", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Оқиға орнынан полиция қызметкерлері полиция бөліміне 8 азаматты жеткізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді аудандық полиция бөлімі қызметкерлері.