Қызылордада 14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп көз жұмды

0
2 552

Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды.


Қызылордада 14 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп көз жұмды
ERNUR.KZ. Қызылорда қаласында көп қабатты үйдің бесінші қабатынан секіріп кеткен 14 жастағы қыз көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыс орталығының Сырдария өзені сол жағалауындағы бөлігінде орналасқан көп қабатты үйдің бесінші қабатынан 2007 жылғы жасөспірім қыз секіріп кеткен.

«Жас қыз өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Кәмелетке толмаған жеткіншек медициналық мекеменің жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.