Қызылордада 27 жастағы келіншекті күйеуі ұрып өлтірді

0
721

Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.


Қызылордада 27 жастағы келіншекті күйеуі ұрып өлтірді

Мас қызылордалық әйелін ұрып өлтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 тамыз күні түнгі уақытта 27 жастағы азаматшаны заңды некедегі жолдасы мас күйінде белгісіз себеппен ұрып-соққан. Салдарынан алған ауыр дене жарақатынан азаматша қайтыс болды.

Оқиға орнынан бой тасалап кеткен 29 жастағы Қызылорда қаласы тұрғынын ұстау мақсатында жедел тергеу тобы құрылып, іздестіру барысында досының үйінде жасырынып жатқан жерінен ұсталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.