Қызылордада мұнай ұрлығына қатысты 21 адам сотталып жатыр

0
1 248

Қызылорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында мұнай ұрлаумен айналысқан 21 күдіктіге қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мұнай ұрлығымен айналысу фактісіне қатысты күдікті 21 адамнан жауап алынуда. Олардың 12-сі қамауға алынған. Құқық бұзушылардың қатарында Қызылордадағы мұнай компанияларының жұмысшылары мен кәсіпорын күзетшілері, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары бар.

Сотта белгілі болғандай, 9 күдікті өздерінің кінәсін мойындаса, 6 күдікті жартылай мойындаған. Ал қалған 6 күдікті кінәларын мүлде мойындамайтындарын айтқан.

Еске сала кетейік, былтыр 16 мамырда ҚР ҰҚК мен ҚР ІІМ бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша ауқымды арнайы операциялар жүргізген болатын.