Лейкозға шалдыққан балалар шетел жағаламай, елде емделе алатын болады

0
736

Орталықтың тыныс-тіршілігімен Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.


Лейкозға шалдыққан балалар шетел жағаламай, елде емделе алатын болады

иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Лейкозға шалдыққан балалар енді шетел жағаламай, өзімізде-ақ емделуге мүмкіндік алады, деп жазады 24.kz.

Елордадағы ұлттық ғылыми медициналық орталығының мамандары осындай бастаманы жүзеге асырмақ. Бұған толық негіз бар дейді. Өйткені, медициналық орталық қатерлі ісікті емдеуге арналған ең соңғы технологиялармен жабдықталған.

Соның арқасында жыл басынан бері 130-дан аса адам ем алып үлгеріпті. Оның ішінде балалар да бар. Бүгін орталықтың тыныс-тіршілігімен Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев танысты.

"Мұндай емнің түрлері қалтаға біраз салмақ салары анық. Бірақ денсаулық сақтау министрлігі жерлестеріміздің тегін негізде ем қабылдауы үшін арнайы квоталар бөледі. Бұған қоса алыс-жақын шетелдерден келіп, өз қаржысына емделетіндер де бар. Осы арқылы елдегі медициналық туризмнің дамуына серпін беруге болады деп ойлаймын" - дейді ұлттық ғылыми медициналық орталық бөлімінің меңгерушісі Ержан Шаяхметов.