Lexus жүргізген офицер әйелді қағып кетті

0
1 246

Ақтөбеде 30238 әскери бөлімі артиллерия дивизионының взвод командирі шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.


Lexus жүргізген офицер әйелді қағып кетті

Ақтөбеде 30238 әскери бөлімі артиллерия дивизионының взвод командирі шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қарашаның жауынды кешінде 24 жасар әскери қызметкер Дархан Қабылқай «Лексус» көлігімен Ақтөбе-Орск тасжолымен Нокина ауылынан қалаға қарай кетіп бара жатқан. Ол жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, бетон қоршауымен белгі тұрғанын көрген, бірақ кедергіні айналып өтіп, жол жүруін жалғастыра береді. Есет батыр атындағы мектеп маңынан жол жөнделіп жатқанын білдіретін тағы бір жол белгісін көріп, кері бұрылған кезде әйелді қағып кетеді. Лейтенант оқиға орнынан кетіп қалады, ал әйел қаза табады. Бұл туралы қылмыстық іс материалдарында жазылған.

Сотта Дархан Қабылқан кінәсін толық мойындап, жолда жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын біле тұра сол жол бойымен жүре беруді жөн көргенін айтты. Ол әлдебір дыбысты естіп, адам қағып кеткенін түсінсе де, көлік жылдамдығын азайтпастан ары қарай кете берген. Жол-көлік оқиғасы орнына көп адам жиналып қалған. Ол көлігін тоқтатып, әйелді қағып кеткен жерге жаяу келген. Ол кезде зардап шегуші тірі болатын. Жедел жәрдем келген кезде ол көлігімен кетіп қалады. Одан кейін ол полиция қызметіне кінәсін мойындап келеді.

Зардап шегуші әйел ауруханаға жетпей қайтыс болды. Оның туыстары сотта зиянның өтелгенін айтты.Сондай-ақ, сотта офицерді кінәлі деп тауып, әскери шенінен, жүргізуші куәлігінен айырып, екі жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.