ЛРТ пойыздары Қытайдан сатып алынады

0
285

19 жылжымалы құрам сатып алынбақ.


ЛРТ пойыздары Қытайдан сатып алынады

Фото: Cabar Asia

ERNUR.KZ. Астана қаласының әкімдігі LRT желісімен қатынайтын жеңіл рельсті пойыздарды Қытайдан сатып алу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, эстакадалық бөліктің құрылысы, станцияларда темірбетон жұмыстары аяқталып, Есіл өзені арқылы көпір салынды.

"Орындалған бетон құю жұмыстарының жалпы көлемі – шамамен 450 мың шаршы метр. Сонымен қатар, бұрғылау-тығыздау қадаларын, тіректерді орнату, құрама арқалықтарды монтаждау және монолитті арқалықтарды құю бойынша жұмыстар толық көлемде орындалды", – делінген елорда әкімдігінің Kazinform тілшісіне берген ресми жауабында.

Әкімдік Астана LRT желісімен қатынайтын жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Шарт талаптарына сәйкес, 19 жылжымалы құрам сатып алынатын болады.

"Жылжымалы құрамдарды өндіруші ел – ҚХР. Бүгінде жылжымалы құрамға тапсырыс беру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – делінген жауапта.