Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

0
110

Бұл көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.


Қазақстан аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге уақытша тыйым салынды

Photo : пресс-служба акима Южно-Казахстанской области

ERNUR.KZ. Қазақстан аумағына барлық көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды, деп жазады sputnik.kz.
Мұндай тыйым ауыл шаруашылығы министрінің сәйкес бұйрығымен әзірше алты ай мерзімге белгіленді.
Айта кету керек, бұл тыйым республика аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.
Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.