Мәдениет және спорт министрлігі уәкілі жемқорлық күдігімен ұсталды

0
2 230

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр


Мәдениет және спорт министрлігі уәкілі жемқорлық күдігімен ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ақпарат құралдары Мәдениет және спорт министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі сыбайлас жемқорлыққа ұрынды деген күдікпен ұсталғанын хабарлады, деп жазады azattyq.org.

Қазанның 24-і күні "Время" газеті өз дереккөзіне сілтеме жасап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы орталық аппаратының қызметкерлері Мәдениет және спорт министрлігі әкімшілік департаментінің 46 жастағы бастығы Еренай Дәржібаевты "пара алу үстінде" ұстағанын хабарлаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі мұндай ақпарат таратпағанын айтады. Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа "қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын" ғана айтып, басқа ақпарат бермеді. 24 қазан күні кейбір жергілікті ақпараттық сайттарда Мәдениет және спорт министрлігінің бірнеше қызметкері ұсталғаны туралы хабарлама шыққан еді, бірақ ұзамай ол ақпараттар жойылған.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет расымен де Астанадағы Wall Street мейрамханасында ұстау операциясын жүргізгені рас. Ол жерде Мәдениет және спрот министрлігінің қызметкерлері қатысқан іс-шара өтіп жатқан. Ол жерде Еренай Дәржібаев та болған" деп жазады "Время" газеті.

Басылым ықтимал тергеуге алынғандар арасында "ҚазАқпарат" баспасының басшысы Қонысбек Ботбайдың барын айтады. Басылым дерегінше, Ботбай "Қазақстан" журналын, қайырымдылық қорын басқарады.