Мақтааралдықтар жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтылады - Қасым-Жомарт Тоқаев

0
659

Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешіледі.


Мақтааралдықтар жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтылады - Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар тұрғындарға республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Твиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда. Су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетін болады, - делінген жазбада.