Маңғыстау облысында бір түнде жеті адамды шаян шаққан

0
2 864

Экологтар бунақ аяқтылардың көбеюін ауа райымен байланыстырып отыр.


Маңғыстау облысында бір түнде жеті адамды шаян шаққан

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында сәрсенбіге қараған түні шаян шаққан жеті адам медициналық көмекке жүгінді, деп жазады inbusiness.kz.

«0.38-де Бейнеу ауданының 1994 жылы туған қыз жедел жәрдем шақырды. Келген дәрігерлер оны шаян шаққанын анықтаған. Зардап шегушінің аяғы ауыр болған. Жүктілігін тоқтату қаупі болғандықтан ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ Бейнеу ауданының шаян шаққан тағы екі тұрғынына да медициналық көмек көрсетілген. Төртінші жағдай Қарақия ауданының Құрық ауылында болған. Бұл ауылда 1963 жылы туған әйелді шаян шаққан. Жаңаөзен қаласындағы үш әйел зардап шеккен.

Баспасөз қызметі шаян шаққандардың барлығы жекеменшік үйде тұратынын айтып отыр. Маңғыстаулық эколог Әділбек Қозыбақов шаяндардың көбеюіне ауа райының жыл болуымен байланысты болуы мүмкін дегенді айтты. Өңірде бірнеше күн қатарынан ауа райы жылы болып тұр.