Маңғыстау облысында қонақтар үйлену тойында төбелес шығарған

0
167

Тойдағы жанжалдың неден басталғаны ешкімнің есінде жоқ, бірақ қонақтар жаппай төбелесті өз бетімен тоқтата алмаған.


Маңғыстау облысында қонақтар үйлену тойында төбелес шығарған

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Желіде тойды төбелеске айналдырған маңғыстаулықтардың видеосы тарады, деп жазады stan.kz.

17 қарашада Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы тойханада тойдың барысында төбелес болды. Алғашында адамдар жігіттерді ажыратпақ болды, бірақ арты дауға айналды.

Тойдағы жанжалдың неден басталғаны ешкімнің есінде жоқ, бірақ қонақтар жаппай төбелесті өз бетімен тоқтата алмады. Сол үшін оқиға орнына полиция келді.

"Полиция екі ер адамға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салды. Сонымен қатар түнде ойын-сауық мекемесінде қараусыз жүрген екі кәмелетке толмаған жасөспірімнің өкілдері де жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін мекеме әкімшісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Маңғыстау полициясы.