Маңғыстау облысында күзетшіні cоққыға жықты деген әкім жұмыстан босатылды

0
583

Тілек Көшмағанбетовтің өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты депутаттарға Ғалымжан Ниязовтың кандидатурасы ұсынылды.


Маңғыстау облысында күзетшіні cоққыға жықты деген әкім жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында күзетшіні ұрды деген аудан әкімі жұмыстан босатылды. Бірақ жергілікті әкімдіктің хабарламасында Тілек Көшмағанбетов төбелес үшін емес, денсаулығына байланысты өз еркімен арыз жазды депті, деп жазады Stan.kz

Десе де Ақтаудағы элита үйлердің автотұрағында түсірілген видеоға қатысты әлі тексеріс жүріп жатыр. Онда аудан әкімі Тілек Көшмағанбетовке ұқсайтын біреудің күзетшімен сөзге келгенін байқауға болады. Бірақ бұл дерек әлі расталмады.

Ал Маңғыстау ауданының су жаңа әкімі болып Ғалымжан Ниязов тағайындалды. Ол бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Осы лауазымда отырып өкілетін асыра пайдаланды деген де күдікке іліккен. Яғни Маңғыстау облысында автогаздың қымбаттауына қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Бірақ бірнеше ай бойы тергеуде болған Ғалымжан Ниязов толық ақталып, енді аудан әкімі қызметіне кірісті.

“Тілек Көшмағанбетовтің өз еркімен жұмыстан босатылуына байланысты депутаттарға Ғалымжан Ниязовтың кандидатурасы ұсынылды. Депутаттар бірауыздан қолдап, Маңғыстау ауданы әкімі лауазымына Ғалымжан Мұқырұлы Ниязов тағайындалды”, – дейді Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалия Кенжебаева.